Басты бет·Флагмандық жобалар
Флагмандық жобалар
Қазақстан мен ТМД-ның тау-кен және энергетика салаларының тірек нысандары.
Биошаймалау: фабрика қуатын екі есе арттыру
Биототығу жүйесін енгізе отырып, тотыққан кен өндірісін кеңейту — Қазақстандағы осындай ауқымдағы алғашқы жоба. 3 000 м³ инокуляциялық тоған, технологиялық сыйымдылықтар, биототығу желілері.
- 25 → 50
- млн тонна кен/жыл
- 3 000 м³
- инокуляциялық тоған
- №1
- Қазақстанда
Шахталардың басты желдету қондырғылары
Орлов және Артемьев кеніштерінің БЖҚ-сын кілт тапсыру шартымен салу: TLT-Turbo центрден тепкіш желдеткіштері, ауа құбырлары, энергиямен жабдықтау және автоматтандыру.
- 400 м³/с
- өнімділік
- 2
- кеніш, кілт тапсыру
Шахтаның ауа жылыту станциясы
Үш модульді ауа жылыту қондырғысынан тұратын жылу пункті: Шығыс Қазақстанның қақаған аязында да оқпанға ауа тұрақты +2 °C-пен беріледі.
- 22,5 МВт
- жылу қуаты
- +2 °C
- жыл бойы
1 200 орындық № 50 AI Semey мектеп-лицейі
Шамамен 98 × 96 м ауыспалы қабатты білім беру кешені: төрт функционалдық блок, бірыңғай мектеп орталығы, акт және спорт залдары, қолжетімді орта мен толық абаттандыру.
- 1 200
- оқушы
- 4
- ғимарат блогы
- 98 × 96 м
- кешен өлшемі